Accessibility links

2014 жылы өтетін ақ олимпиаданы өткізуге Алматы дайын ба?


2014 жылы өтетін қысқы олимпиаданы өткізуге Алматы қаласы да үміткер ретінде қатысып отыр. Дегенмен сарапшы мамандар ақ олимпиаданы өткізуге Алматы қаласының мүмкіндігі аз екенін айтуда.

«Халықаралық Олимпиадалық комитетке 2014 жылғы ақ олимпиаданы өткізуге үмікер ретінде өтініш беріп отырған Алматы қаласы өзіне жүктеліп отырған барлық талаптарды орындап келеді» дейді Алматы қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметкері Нұрлан Асқаров. Оның айтуынша, халықаралық деңгейдегі спорт додасын өткізуге Қазақстан атынан бірінші рет Алматы қаласы тәуекел етіп отырғандықтан бұл бәсекеде жеңіп шығу үшін қала басшылығы қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр. Халықаралық олимпиадалық комитеттің алғашқы талаптары бойынша, 150 мың АҚШ доллары көлеміндегі жарнасы төленіп, Алматы қаласының жарнамалық альбомы жарыққа шыққан.

«Ал басқа да талаптарды орындауға күш салып отырған Алматы қаласы бәсекенің келесі кезеңіне шығуға мүмкіндігі жеткілікті», - дейді Алматы қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметкері Нұрлан Асқаров.

Дегенмен Қазақстандағы спорт саласының сарапшыларының бірі Арсен Саттаров Алматы қаласының Халықаралық Олимпиада комитетіне 2014 жылғы ақ олимпиаданы өткізуге үмікер ретінде өтініш беріп отырған өзінен басқа әлемдегі бес қалаға қарағанда бұл бәсекеде жеңіп шығу мүмкіндігі аз екенін айтады. Дейтұрғанменде бұл қадам Алматы қаласы үшін халықаралық бәсекеде тәжірибе жинақтау үшін қажет дейді.

Алайда белгілі спрот журналисі, жазушы Несіп Жүнісбаев халықаралық деңгейдегі мұндай бәсекені өткізуге Алматы қаласының мүмкіндігі халықаралық талаптарға сай келмейтіндігін айтады. Сондай-ақ, Н.Жүнісбаев ең алдымен қандай да халықаралық олимпиаданы өткізуден бұрын мемлекеттік тұрғыдан спортқа жеткілікті көңіл бөлінуі қажет дейді.
XS
SM
MD
LG