Accessibility links

Жаңа жылдың алғашқы күніне дейін Украина келісімге қол қоймаса, Ресей ол елге газ беруді тоқтатамыз деген бетінен қайтпай отыр


Бұл арада бүгін Украина президенті Ющенконың теледидардан айтқанындай, Түрікменстан 1 мың шаршы метріне 50 доллардан 40 млрд шаршы метр газ беретін болыпты. Бұл 2006 жылға қажетті газдың жартысы екен. Бірақ ол көгілдір отын Ресей арқылы өтетіндіктен оның жолы кесілуі ғажап емес. Ресей Украинаға сатылатын газ бағасын 220 долларға дейін көтермекші. Бұл арада Еуропа одағына мүше елдердің өкілдері Ресей мен Украинадағы газ бағасы дағдарысына байланысты қаңтардың 4-інде төтенше жиын өткізбек.
XS
SM
MD
LG