Accessibility links

Тұтқындалған Евгений Адамов бүгін Мәскеуге әкелінді


Швейцария үкіметі ұстап берген Ресейдің бұрынғы атом энергетика министрі Евгений Адамов бүгін Мәскеуге әкелінді. Евгений Адамов Ресей үкіметі тарапынан да, АҚШ үкіметі тарапынан да айыпталған, 17 миллион долларды талан-таражға салған деп айтылады. Бұл ақшаны америкалық үкімет Ресей ядролық кәсіпорындарының қауіпсіздігін арттыруға берген. 17 миллион доллар 1998-2001 жылдары аралығында желінген делінеді. Адамовты беріңдер деп Швейцариядан АҚШ үкіметі де сұраған болатын. Адамовтың адвокаттары ол заңсыз тұтқындалды, мәселе жайында Страсбург қаласындағы еуропалық сотқа шағымдануға ниетіміз бар деді.
XS
SM
MD
LG