Accessibility links

Ирақта жергілікті полиция қызметкерлеріне қарсы шабуылдар көбейе түсті


БААКУБА. Ирақтың Баакуба қаласының маңында жанкешті-лаңкес өзінің бомба орнатылған автокөлігін жаңадан қызметке шақырылған полицейлер отырып келе жатқан автобусқа бағыттып жарып, одан 5 кісі қаза болды. Жаңа полицейлер Ирақтың солтүстігіндегі жаттығу орталығына бара жатқан көрінеді. Осыдан 1 апта бұрын экстремистер Баакуба іргесінде жол бойындағы күзет постына шабуыл жасап, 5 полицей құрбан болып, өзге төртеуі жараланған болатын.
XS
SM
MD
LG