Accessibility links

Израиль әскері Палестина территориясына тағы да әуеден соққы берді


ТАЯУ ШЫҒЫС. Израильдің әскери әуе күші бүгін таңертең Газа аймағының оңтүстігіндегі бір баспанаға әуеден соққы берді. Адам қазасы жайында әзірше мәлімет жоқ. Хан-Юнис қаласындағы “Әл-Ақса” азап шегушілерінің Бригадасы” тобы бас сауғалаған бір баспана әуе соққысының нысанына айналды. Жексенбі күні Хан-Юнис қаласында Палестинаның қауіпсіздік күштері экстремистер қамауда ұстап отырған италиян азаматын босатты.
XS
SM
MD
LG