Accessibility links

Мәскеу: “Украина 25 млн. доллардан асатын 100 млн. т.м.-дей газды ұрлап алды”


КИЕВ. Бүгін Украинаның отын және энергетика министрі Иван Плачков: “Егер температура нөлден төмендеп, минус үш немесе минус 5-ке дейін төмендейтін болса, қазіргі келісімге сәйкес, біз транзиттің ақысы есебіннен құбырдан Ресей газын аламыз”, деп мәлімдеді. Оның алдында ғана И.Плачков Мәскеудің “Еуропаға арналған газды Киев ұрлап алды” деп айыптағанын үзілді-кесілді жоққа шығарған болатын. Ресейлік “Газпром” компаниясы Украинаны өз жерінен Еуропаға қарай өтетін құбырдан 25 млн. доллардан асатын 100 млн. текше метр газды рұқсатсыз ұрлады деп айыптады. Киев өзінің экономикасын құлдыратуды көздеп отыр деп Мәскеудің өзін айыптап шықты. Ресей Украинаға газ беруін Киевтің 1 мың текше метр отынды 230 долларға сатып алудан бас тартуынан соң 1-інші қаңтардан бастап доғарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG