Accessibility links

Бағдадтың солтүстігінде жанкешті жарған бомбадан 7 адам қаза тапты


БАҒДАД. Опат болғандардың арасында полиция қызметкерлері де бар. Ал кеше Ирақ астанасында қарулы адамдар Түркия елшісінің көлігіне шабуыл жасаған, бірақ елші Унал Чевикоз аман қалған. Басқа да хабарларға қарағанда, Ирақтың күрд және шиіт партияларының жетекшілері елдің жаңа үкіметіне қатысты келіссөз өткізіп жатыр. Осыған байланысты елдің премьер-министрі Ибрахим әл-Жафари мен президент Жалал Талабани Сулеймания қаласында кездесті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG