Accessibility links

Палестинада парламент сайлауы уақытында өте ме?


ГАЗА. Палестина басшысы Махмұд Аббас автономияның парламенттік сайлаулары кейінге қалдырылуы мүмкін деп алғашқы рет мәлімдеді. Парламент сайлауы қаңтардың 25-не белгіленген болатын, ал бүгін болса сайлау алды науқаны ресми түрде басталуға тиіс. “Әл-Жазира” телеарнасына берген сұхбатында Аббас, егер Израиль шығыс Иерусалимде дауыс беру процесіне кедергі жасаса, онда сайлау кейінге қалдырылуы мүмкін деді.Басқа да хабарларға қарағанда, Газа секторында орын алған шабуылдан екі палестиналық қаза тауып, үшіншісі жараланды. Израиль әскерлері әуеден тағы да соққы беріп, босқындарға арналған Жабалия лагеріне жақын жерде “Ислам Жихады” тобының екі мүшесін өлтірді.
XS
SM
MD
LG