Accessibility links

Ресей мен Украина арасындағы газ мәселесі қалай шешілмек?


МӘСКЕУ. Ресейдің “Газпром” компаниясы бүгіннен бастап Орталық және Батыс Еуропа елдеріне тасымалдайтын газ көлемін қайта қалпына келтіруге уәде берді. Аталған компанияның өкілдері Украина Еуропаға арналған газды ұрлаған, енді оның орнын толтыру үшін “Газпром” құбырларына қосымша газ жіберіп жатыр дейді. "Газпром" компаниясы газ бағасына байланысты ресми Киевпен ортақ шешімге келмеген соң, Украинаға газ беруін жексенбі күні доғарған болатын. Украинаның ресми өкілдері газдың қымбаттауына қарсы емес, бірақ 1 мың текше метрдің бағасын 50 доллардан бірден 230 долларға дейін көтеруге келіспейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG