Accessibility links

Германияда мұз айдыны ғимаратында 15 адам қаза тапты


Германияның Бад Рейхенхалль қаласында мұз айдыны ғимаратының төбесі қалың қардан құлап, кемінде 15 адам қаза тапты. 11 адамның мәйіттері табылып кімдер екені анықталды. Жергілікті өрт сөндіру мекемесінің бастығы Руди Зейф ауа райының нашарлығы құтқару жұмыстарына кедіргі келтіріп жатыр деп сипаттады. Дегенмен, сынықтардың астында қалған тірі адамдар болса оларды арнайы үйретілген иттердің арқасында табу мүмкіншілігі әлі де көп деді Руди Зейф. Апат сәтінде ғимарат ішінде елу шақты адам болған. Отыз шақты адам аман қалды, олардың жартысы түрлі жарақат алды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG