Accessibility links

Каспий аймағынан қара уылдырық шығаруға болмайды енді


Бүгіннен бастап қара уылдырық пен бекіре балық өнімдерінің экспортына халықаралық тиым еңгізілді. Шектеуді БҰҰ жанындағы "Құру қаупіне тап болған жәнтіктердің халықаралық сауда конвенциясы" деген мекеме жасады. Мекеме өкілі Хуан Карлос Васкуез экспорт тиымы әсіресе Каспий теңізі мен Қара теңіз аймақтарына қатысты деді. Бекіре балықтарды сақтау жөнінде бұл елдер алдымен бұрынғы міндеттемелерін орындасын, шектеу тиымы сосын ғана жойылады,- деді БҰҰ өкілі Хуан Карлос Васкуез. Қара уылдырық мафиялары Каспий теңізінде бекіре балықтарды жойып жатыр деп мұның алдында "Гринпис" ұйымы айтқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG