Accessibility links

Словения президенті 24 жылдан соң туған қызымен кездесті


Словения президенті Янез Дрновчек 24-жасар қызы Нана Фортемен тұңғыш рет кездесті. Мұндай қызы бар екенін Словения президенті Янез Дрновчек былтыр ғана алғаш естіген екен. Қыздың шешесі кім екені айтылмады. Словения президентінің 24 жылдан соң табылған қызы Германияда Дрезден қаласында консерваторияда оқиды екен. Словения президенті Янез Дрновчек қызымен жаңа жыл мерекесін өткізді. "Ақыры Аяз Ата маған да сыйлық әкелді ғой"- деп сипаттама айтты Словения президенті.
XS
SM
MD
LG