Accessibility links

Астана қаласында туу көрсеткіштері ұлғайып келеді


Астана қаласында Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда жаңа жылда туу көрсеткіштері ұлғайды. Ал, қайсібір демографтардың айтуынша, жалпы халық саны өскенімен қазақтардың саны унитарлық мемлекет болу үшін әлі де жетіңкіремей тұр.

Іңгәлаған бала дауысы қазір Астанада жиі естіледі. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан қалаларының ішінде Астана мен Алматыда тұрғындар басқа қалаларға қарағанда әлдеқайда көп болып шыққан. Демографтардың пайымдауынша, елдегі жағдай жөнделіп келеді. Сондықтан, халық саны көбейіп барады. Ал, демограф Мақаш Тәтімнің айтуынша, оның бірнеше себебі бар:

- Астанада жастар, көп екінші себеп, Астанада үй құрылысы жақсы. Қымбат болсада ипотекамен пәтер алып жатады. Біраз, қаражатыда жаман емес.

Астанадағы нөмірі бірінші перзентхананың бас дәрігері Ольга Кушнаренконың айтуынша, Астана қаласында жаңа жылда туу көрсеткіштері ұлғайды, ал 2005 жылы тек бір перзентханада 4 мың бала туылған бұл көптеген жылдар бойы болмаған көрсеткіш дейді ол.

Ал, демограф Мақаш Тәтімнің айтуынша, жалпы халық саны өскенімен қазақтардың саны унитарлық мемлекет болу үшін әліде жетіңкіремей тұр:

- Жылдың ортасында тіпті мүкін одан бұрынырақ та шығар, қазақтардың пайызы 60-тан асады. Бірақ, унитарлық мемлекетті ұстап қалу үшін, бәрібір қазақтардың саны аз, кем дегенде 70-75 пайыз болуы керек.

Ресми мәліметке сәйкес, демографияға республикадағы экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы әсер еткен. Оның үстіне, елден кеткендер саны азайып, келгендер саны көбейген. Өткен жылы некеге отырғандар саны көбейген. Ал, ажырасқандар саны керісінше кеміген. Алайда, Астанадағы нөмірі бірінші перзентхананың бас дәрігері Ольга Кушнаренконың айтуынша, баладан бас тарту жағдайлары азаймаған. Биылда 20-дан астам ана перзенттерінен бас тартқан, оның негізгі себебі аналар бала тууды жоспарлай алмайды, дейді ол.

Тұңғыш баласын 2006 жылы 4 қаңтарда туған Мақпал Мамытованың айтуынша, ол бала жоспарлауға көп көңіл бөлмеген, бәрін болашақ көрсетеді, дейді ол:

- Енді әрине, Астанада пәтер табу қиын, қазір өзіміз жалдап тұрамыз. Жұмыс істейміз, сосын мен шығамын бір жылдан кейін. Мұғалімнің оқуын оқығанмын. Пәтер аламыз деп ойлаймын, сосын бәріде болады ғой.

Соңғы уақытта қала тұрғындары арасында 3-4 бала босанатын әйелдер саны көбейген, бұрын қала әйелдері 2 баладан артық таппайтын, дейді дәрігерлер. Бірақ, мамандардың айтуынша репродуктивті уақыт 18 жастан асқан кезде қолайлы келеді, ал 40-қа таяп қалған әйелдердің босануы қиын және аурулары көп болады, дейді дәрігерлер. Тұңғыш босанған әйелдердің жағдайы жақсы. Бірақ, қаражаты аз деген пікір бар. Тұңғыш баласын 2006 жылы 4 қаңтарда туған Мақпал Мамытованың айтуынша, мемлекет бала көтерген аналарға 13 мың теңге көлемінде бір мәртелік жәрдемақы береді, бірақ, ол жеткіліксіз, дейді ол:

- Әрине, 13 мың аз, кішкене көбірек қосып берсе деймін. Ақша көбірек болса, халықтың саныда көбееді.

Жалпы, Қазақстандағы демографияны мамандар 3 кезеңге бөледі. Біріншісі, 1993 жылда басталған. Ол кезде республикадан 2 миллион адам кеткен. Соның кесірінен тұрғындардың саны 16 милионнан 14 миллионға азайып сала берді, деген мәлімет бар. Ал, екінші кезеңде 2000 жылы тұрғындар саны қайтадан көбее бастады. Үшінші кезеңде 2004 жылы бұл тенденция орныға түсті, дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG