Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш пен Британияның сыртқы істер министрі Джек Стро Ариел Шаронның денсаулығының жақсаруына тілек тілегендерін айтады


Иерусалим. Шарон сондай-ақ Ресей мен Францияның, Германияның жетекшілерінен және Палестиннің премьер-министрі Ахмед Курейден тезірек сауығып кетуіне тілек тілеген хаттар алды.

- Палестиндік ретінде бізді алаңдататын нәрсе - біріншіден біз ол жазылып қайта қатарға қосылады деп үміттенеміз, екіншіден біз барлық уақыттағы Израилдың басшылары бейбітшілікті таңдайды, палестиндіктермен бірге келіссөздер өткізуге әрдайым да дайын болады деп ойлаймыз, міне біздің үмітіміз осындай, - деген Курей.

Дегенмен де палестиндік Хамас жаугерлік тобы Таяу шығыс Шаронсыз жақсырақ болар еді деген де пікір білдірген.
XS
SM
MD
LG