Accessibility links

Миына екінші рет қан құйылып, өте ауыр халде ауруханада жатқан Израилдың премьер-министрі Ариел Шаронға шұғыл операция жасалды


Иерусалим. 77 жастағы Ариел Шарон денсаулығына байланысты сәрсенбі күні ауруханаға жатқызылған болатын. Аурухана директоры Шломо Мор-Йозеф операция нәтижесінде Шаронның миына қан құйылғаны тоқтады деп айтқан.

- Премьер-министр Ариел Шаронның халі өте күрделі. Барлық белгілеріне қарағанда жағдайы қазір бірқалыпты, тамыры мен қан қозғалысы нормаға келгендей, дегенмен де жағдайы өте ауыр.

Шарон алғашқы инсульт алғаннан бері үш аптаға жетпейтіндей ғана уақыт өтті. Израилдың министрлер кабинеті төтенше мәжіліс шақырды. Шаронның міндеті бас министрдің орынбасары Ехуд Олмертке жүктелді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG