Accessibility links

Меккеде қонақ үйдің құлауынан кемінде 20 адам құрбан болды


МЕККЕ. Сауд Арабия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қажылыққа келгендер тұрған ғимараттың құлауынан кемінде 20 адам қаза тауып, 59 кісі жараланған. Мекке қаласының ресми өкілі Дауд әл-Файез құтқарушылар аман қалғандарды іздеп жатыр, сол үшін құрбан болғандардың нақты саны әзірше белгісіз деді. Меккеде орналасқан көп қабатты ғимарат өрт салдарынан құлаған көрінеді. Қажылыққа келген мұсылмандардың саны бір миллионнан асты.
XS
SM
MD
LG