Accessibility links

Түркияда құс тұмауынан бір отбасыдан 3-бала қайтыс болды


Науқас қыз Ван қаласындағы емханада бүгін таңертең бақилық болды. Бұған дейін сол арада бұл қыздың ағасы мен әпкесі де осы дерттен көз жұмған болатын. Ван ауруханасының бас дәрігері Хұсейн Сахин тілшімізге былай деген:

- Желтоқсанның 31-інен бері бізге құс тұмауы дертімен 40-шақты адам келді. Олардың 26-сына дәрігерлік көмек бердік. Қалған үшеуі ауыр халде жатыр. Түркиелік ол отбасы Армениямен шекаралас ауданда тұрмыс кешеді. Міне, енді бұл ауруханада ол отбасының 4-ші - ең жас баласы ем алуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG