Accessibility links

Израил премьер-министрі Ариел Шаронның халі өте ауыр, дегенмен бірқалыпты дейді дәрігерлер


Иерусалим. Кеше бас министрге қайтадан операция жасалды. Компьютерлік томографияның көрсетуіне қарағанда миына қан құйылғанын тоқтату мүмкін болған. Хадасса ауруханасының директоры Шломо Мор-Йозеф кешегі операциядан кейін Шаронның денсаулық жағдайы оның алдындағы күнмен салыстырғанда жақсырақ деп айтқан.

- Премьер қазір қатаң дәрігерлік бақылауда. Компьютерлік томография арқылы миды зерттегенде оның сәл жақсарғаны байқалды деп айтар едім, алайда жағдай әлі де күрделі, - дейді дәрігер.

Сәрсенбі күні миына қан кетіп, инсульт алғаннан бергі екі күннің ішінде Шаронға екі рет операция жасалды. Дәрігерлер Шарон енді жазылып шыққанның өзінде қызметіне қайта кірісуі күмәнді дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG