Accessibility links

Кеше Иранның уранын байытуға байланысты Ресейдің ұсынысына орай Иран мен Ресей талқылаулар өткізді


Тегеран.Ресей уранды өз жерінде байыту туралы ұсыныс жасаған болатын. Иранның Ұлттық жоғары қауіпсіздік кеңесінің өкілі Хуссейін Ентезами алғашқы күні келіссөздің қанағаттанарлықтай жағдайда өткендігін, оның бүгін тағы да жалғасатындығын айтты. Европа одағы мен АҚШ негізінде Ресей ұсынысына қолдау танытқан болатын. Ал Иран кеше екі жарым жылдай уақыттан бері Батыстың алаңдаушылық танытуына байланысты тоқтап қалған ядролық отын алу бағдарламасын қайта жандандыратындығын айтты. Европа одағының сыртқы саясат жетекшісі Хавьер Солана Иранның мұндай қадамға бармауын сұрап, ол ЕвроОдақпен экономикалық көмектер турасында алда болатын келіссөздер тағдырына кері әсер етуі мүмкін деп сақтандырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG