Accessibility links

Түркияның денсаулық министрі төртінші адамнан құс тұмауының вирусы табылды деп мәлімдеген


Анкара. Министр Режеп Акдагтың сөзіне қарағанда, бұл науқас та осы аптаның басынан бері құс тұмауынан үш адам көз жұмған Ван қаласындағы ауруханада емделіп жатқандардың бірі. Аталған ауруханада құс тұмауы індетіне шалдыққан деген күмәнмен кемінде 32 науқас жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қайтыс болғандардың екеуінің ажалына H5N1 вирусының себеп болғаны анық дейді. Түркияның ауыл шаруашылық министрі құс тұмауы елдің шығыс провинцияларында құстар арасында кең етек алып бара жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG