Accessibility links

Израил премьері А.Шаронның халі сәл жақсарды, бірақ өміріне төнген қауіп әлі бар дейді дәрігерлер


Иерусалим. Кеше науқастың миындағы ісіктің беті қайта бастағаны байқалған. Дегенмен де Израил премьерінің денсаулық жағдайы әлі де күрделі деген дәрігерлер. Сәрсенбі күні қатты науқастанып, миына қан кеткен Шаронға содан бері екі рет күрделі операция жасалды. Аурудың халі туралы толық есепті Иерусалим ауруханасының дәрігерлері бүгін береді. Мамандардың көпшілігі шыққанның өзінде Ариел Шаронның саясатқа қайта оралуы туралы айту қиын дейді.
XS
SM
MD
LG