Accessibility links

Германиялық Фольксваген мәшине жасау компаниясы Ресейде жаңа зауыт тұрғызбақ жоспарын жариялады


Бұл жөнінде Американың Мичиган штатында өтіп жатқан Детроит жеңіл көлік көрмесі кезінде компания жетекшісі мәлімдеді. Ресейдегі Фольксваген көлік зауытын салу ісі биыл басталмақ. Бес жылдың ішінде зауыт ширек миллион көлік шығарады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Фольксваген Ресей көлік базарының екі-үш пайызын құрайды. Компания жетекшілігі жаңа зауыт салу арқылы бұл үлесті 10 пайызға дейін жеткізбек.
XS
SM
MD
LG