Accessibility links

Түркияда ауруханаға түскен адамдардың бесеуінде құс тұмауы дерті табылып отыр


Өткен аптада құс тұмауының H5N1 түрінен екі бала елдің шығысындағы Ван өлкесінде қайтыс болған еді. Олар құс тұмауы дертінің Оңтүстік-шығыс Азия мен Қытайдан тысқары жердегі алғашқы құрбандары аталды. Дәл сол ауруханада көз жұмған үшінші баланың да өліміне құс тұмауы себеп болды деген хабар әлі де тексерілуде. Түрік Денсаулық Сақтау Министрлігінің ресми өкілі Тұран Бұзғанның хабарлауынша, Аңқара ауруханасында үш адамнан құс тұмауы дерті шыққан. Мұның сыртында тағы екі бала құс тұмауына шалдыққаны расталды.
XS
SM
MD
LG