Accessibility links

Иран осыдан екі жылдан астам уақыт бұрын БҰҰ бекітіп тастаған атомдық объектілерде бүгін ядролық зерттеулерді қайта бастайтынын мәлімдеп отыр


Жексенбі күні өткізген баспасөз мәслихатында Иран Сыртқы İстер Министрлігінің баспасөз хатшысы Хамид Реза Асефи бұл шара БҰҰ Атомдық Энергия Агенттігінің бақылауы астында өтетінін мәлімдеді. Өткен жылдың тамыз айында Иран Исфахандағы зауытта уран байыту шараларын қайтадан бастаған болатын. Еуропа Одағы мен АҚШ ресми қызметкерлері мұндай қадам Иранның ядролық бағдарламасына орай дипломатиялық шешім табу мақсатында өткізіліп жатқан келіссөздерді тұйыққа тіреп, Иранға қарсы Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде шектеу шараларының қабылдану мүмкіндігін күшейтеді деп атап отыр. Батыс елдері Иранның атомдық қару жасамақ жоспары бар деп сезіктенеді. Иран болса, мұндай айыптаулар негізсіз деп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG