Accessibility links

Иран ядролық отын алу бағдарламасын бастамақшы


ТЕҺРАН. Батыс елдерінің қарсылықтарына қарамастан Иран өзінің ядролық отын алу бағдарламасын бүгін қайта бастайтындығын растады. Иран үкіметінің өкілі Ғолам Хоссейн Елхам зерттеу жұмыстары атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің бақылау астында басталады деп мәлімдеді.

“Бұл ядролық зерттеу заңсыз емес. Зерттеу жұмыстарын уақытша доғару жөніндегі шешімді өз еркімізбен қабылдаған болатынбыз. Біз атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігіне осы туралы хабарладық. Бұдан бұрын жоспарлағанымыздай зерттеу жұмыстарын бүгін қайтадан бастаймыз,” деді Елхам.

Еуропа елдері Иранның мұндай қадамы Еуроодақпен алда болатын келіссөздер тағдырына кері әсер етуі мүмкін деп ескерткен-ді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG