Accessibility links

Израиль үкімет басы Ариэль Шаронды кома жағдайынан шығаруға тырысып жатқан дәрігерлер миына қан құйылған Шаронның ендігі жалпы жағдайына толық баға беру әлі ерте деп отыр


Шарон жатқан Хадасса ауруханасының бас нейрохирургы Феликс Уманский Шаронның миына қаншалықты зақым келгенін нақты анықтауға бірнеше күн кетеді деп атап өтті. Аурухананың директоры Шломо Мор-Йосеф болса, Шаронның өз бетімен тыныс ала бастағанын, алайда әлі де тыныс беру аппаратына қосулы екенін хабарлады. Ол, сондай-ақ, Шаронның оң жақ аяқ-қолдары қимылдағанын да хабарлады. Жексенбі күні емдеуші дәрігерлер мен Шаронның саяси одақтастары 77 жасар үкімет басының ендігәрі саясатқа белсенді араласуы екіталай деген болатын.
XS
SM
MD
LG