Accessibility links

Түркия елде құс тұмауы дертінің одан әрмен тарап бара жатқанын хабарлады


Дерттің Еуропа құрлығына жақындауына орай алаңдаушылықтар да айтыла бастады. Түркия Денсаулық Сақтау Министрі Реджеп Ақдағ лабораториялық тексерістер нәтижесінде 14 адамнан құс тұмауы дертінің анықталғанын хабарлады. Дерт Түркияның үш аймағында – оңтүстік-шығыста, ел астанасы Аңқара маңында және Қара Теңіз жағалауында тарап отыр. Әлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы Түркияда 14 адaмның құс тұмауына шалдыққанын растады. Алайда ұйымның Түркиядағы өкілдігінің жетекшісі Гюнал Родиер дерттің адамнан адамға жұғуы мүмкіндігін растайтын белгі жоқ деп атап өтті.

"Оқиға орнындағы қазіргі ең басты мәселе ол бақылау", - деп атап өтті Әлемдік Денсаулық Сақтау ұйымның Түркиядағы өкілдігінің жетекшісі.

Бұл екі арада, Стамбұл әкімі Муамер Гүлер Стамбұл маңынан 23 адамның құс тұмауына күдіктеніп ауруханаға жатқанын хабарлады.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG