Accessibility links

Украиндық журналист Георгий Гонгадзеның өліміне қатысы бар деп айыпталып отырған үш адамның үстінен қозғалып отырған сот ісі кейінге қалдырылды


Киев Аппеляциялық сотының шешімімен Украин İшкі İстер Министрлігінің бұрынғы қызметкерлері Микола Протасов, Валерий Костенко және Олександр Поповичке қарсы сот қаңтардың 23-інде жалғаспақ. Сот ісінің кейінге қалдырылуына айыпталушылардың бірі Протасовтың сот ғимаратында есінен танып қалуы себеп болды деп хабарланды. Құрбан болған журналистің туған-туыстары сот ісінің осыншама ұзақ мерзімге кейінге қалдырылуына "таң қалысқанын" айтып отыр. Гонгадзенің анасы Леся сот барысына қатысудан мүлде бас тартқан. Ол Украинада әділдіктің жүзеге асатынына сенбейтіндігін мәлімдеген. Украинадағы көпшіліктің күдігінше, Гонгадзені өлтіру жөніндегі бұйрықты сол кездегі Президент Леонид Кучма берген. Кучманың өзі мұндай айыптауларды мойындамай келеді.
XS
SM
MD
LG