Accessibility links

Ядролық отын технологиясына байланысты зерттеулерін қайта жаңғыртқандарын Иран елі хабарлады


Дей тұрғанмен ядролық отынды іс жүзінде өндіру кейінге қалдырылған, дейді Иран өкілі. Халықаралық атом энергиялық агенттігі Иранның ядролық бекеттеріне салынған мөрлерін алып тастағаннан кейін осындай зерттеулер қайта басталды, дейді Техран өкілдері. Еуропа одағының Брюссельдегі өкілдері болса, Иранның бұл әрекеттері екі жақ арасындағы келісімшартқа қайшы келеді, деді. Ресей де осыған орай өз алаңдаушылығын білдіріп отыр. Құрама Штаттары мен Еуропа елдері де Иранның бұл қадамын айыптауда. Иран елі болса, ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатты көздейтіндігін дәлелдеп бағуда. Ал, Ресей тарапы бұдан бұрынғы ұсынысының әлі де күшінде екендігін еске салып өтті. Яғни уранды байыту ісін Ресей жерінде жүзеге асыру ұсынысына байланысты жауапты ресми Мәскеу Техраннан әлі күтуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG