Accessibility links

Дж.Буш 2006-ншы жылы Ирақта қақтығыстардың қыза түсіп, құрбандардың көбейе түсетінін болжап отыр


ВАШИНГТОН. АҚШ президенті Дж.Буш өзінің Ирақтағы саясатын “жауапсыздық” деп ащы сынаған Демократиялық партияны сынға алды. Кеше сөйлеген сөзінде ол демократтар Американың жауларына тыныштық бермей жатқан істерді көруге тиіс деп атап көрсетті. Шетелдердегі соғыс қимылдарының ардагерлерімен кездесуінде Дж.Буш 2006-ншы жылы Ирақта қақтығыстардың қыза түсіп, құрбандардың көбейе түсетінін болжап айтты. Бірақ көтеріліске қарсы саяси жетістіктерге қол жететінін мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, Ирақтың сүнниттерін елді басқару үдерісіне атсалысуға, ал халықаралық қауымдастықты Ираққа 13 млрд. доллар қаржылай көмек беруге шақырды.
XS
SM
MD
LG