Accessibility links

Түркияға көрші елдер “құс тұмауын” елге жібермей шараларын қабылдап жатыр


АНКАРА. Түркия үкіметінің хабарлауынша, “құс тұмауы” жұққан 15 адамның да өміріне төнген қатер жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, осыған дейін “құс тұмауынан” қайтыс болған 3 бала дерт жұққан құстарға жақын жүрген болса керек. “Құс тұмауының” ошақтары Түркияның оңтүстік-шығысы мен солтүстігінде және орталық аудандарында тіркелді. Дерттің жайылуына жол бермеу үшін көрші елдер шұғыл шаралар қабылдау үстінде. Бұдан бұрын Украина үкіметі Қырым түбегінің оңтүстігіндегі 3 құс фермасында “құс тұмауы” жұққан 14 оқиғаның тіркелгенін растаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG