Accessibility links

Дж.Стро: “Иран ядролық қаруды емес, атом электр стансасын дамытуға толық құқылы”


ТЕҺРАН. Батыс елдерінің жетекшілері Иранның уранды байыту өндірісін қайта іске қоспақ ниетіне наразылық білдіру үстінде. Кеше Иран Натанц уранды байыту зауытын қайта ашты. Өз кезегінде АҚШ Иранды оның ядролық бағдарламасы мәселесі БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына жіберілуі мүмкін деп ескертті. Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайэр өзіне “Еуроодақ Теһранмен арадағы келіссөзін жалғастыра беруге тиіс пе?” деген сауал қойғанын мәлімдеді. Ал ағылшын сыртқы істер министрі Джек Стро бұл проблеманы әскери күш қолданумен емес, дипломатия жолымен шешу керектігін атап көрсетті. Оның пікірінше, Иран ядролық қаруды емес, атом электр стансасын дамытуға толық құқылы. Бірақ ресми Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мүддені көздейтінін дәлелдеп келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG