Accessibility links

Иранның бұрынғы президенті Рафсанжанидың айтуынша, әлем елдері жетекшілерінің қатты айыптауына қарамастан, Иран өзінің ядролық отын бойынша сынақ-зерттеулерін одан әрі жалғастыра бермек


Ирандағы саяси дауларды зерттеу тобының жетекшісі Рафсанжани Батыс елдері кейін өкінетіндей тірлік жасамауы керек деп ескертті. Ал Ақ үйлік өкіл МкКлеланның тілшілерге айтуынша, Иран бұл іс-әрекетімен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қатаң санкцияларына кезігуі мүмкін.

- Егер Иран өзінің бұл жолынан кері қайтпаса, онда меніңше, халықаралық қауымдастық өзінің келесі бір жаңа қадамын жасайтын болады, - деді АҚШ әкімшілігінің өкілі.

Енді Еуропа Одағы елдері ядролық бағдарламасына байланысты Иранмен келіссөздерді жалғастыру қажет пе деген сауалға жауап іздестіруде. АҚШ, Иран ядролық қару жасамақшы десе, Иран бұл бейбіт мақсат үшін қажетті бағдарлама деумен келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG