Accessibility links

Жоғарғы Раданың сенімсіздік білдіруіне қарамастан Украина үкіметі парламент сайлауына дейін тарамайды


КИЕВ. Ресей газының импорты туралы Мәскеу мен Киев арасындағы қол қойылған жаңа келісімнен саяси жанжал шыққан Украинада бүгін үкіметтің отырысы өтеді. Сейсенбі күні Украина парламенті – Жоғарғы Рада – орыс газын 2 есе қымбатқа сатып алатын осы келісімге бола премьер-министр Юрий Ехануровтың үкіметін тарату мәселесін дауысқа қойып, оны басым дауыспен мақұлдады. Президент В.Ющенко парламенттің бұл әрекетін “конституцияға қарама-қайшы” деп бағалап, наурыз айындағы парламент сайлауына дейін үкімет қалады деп мәлімдеді. Газдың бағасы туралы талас-тартыс Ресейдің Украинаға баратын газды жауып, Мәскеу мен Киевтің қарым-қатынасын күрт нашарлатқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG