Accessibility links

Германия, Франция және Британия сыртқы мекеме жетекшілері Иранға байланысты Қауіпсіздік кеңесінің төтенше мәжілісін шақыру керек деп мәлімдеді


Берлин. Үш мемлекеттің сыртқы істер министрлері Иранның ядролық зерттеулерді қайта жаңғырту шешіміне байланысты өткізген талқылаулары тығырыққа тірелген соң осындай ой айтты. Басқосу алдында Британия премьер-министрі Тони Блэр Иран мәселесін санкциялар салу үшін Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіне шығару керек деп айтты. АҚШ вице-президенті Дик Ченей де осыған ұқсас ой білдірді. Иран осы аптада халықаралық қауымдастықтың наразылығына қарамастан, Натанз фабрикасында ядролық зерттеулерді қайта жаңғыртты, Тегеран бұның бейбіт мақсат үшін екендігін мәлімдеп отыр.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG