Accessibility links

Еуропа елдерінің көпшілігі Киев пен Мәскеу арасындағы “газ жанжалынан” сескенді


ВЕНА. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы энергетикалық қауіпсіздік проблемалары бойынша арнайы жұмыс тобын құрады. Осы ұйымға төрағалық ететін Бельгияның сыртқы істер министрі Карел де Гухттың кеше хабарлағанындай, жұмыс тобының мүшелері Ресей мен Украинаға бармақшы, бірақ қашан баратынын ол айтпады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ, энергетикалық қауіпсіздік проблемаларына арналған халықаралық конференция ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Таяуда Ресей мен Украина арасынан шыққан “Газ жанжалы” Еуропа елдерінің көбісін қатты елең еткізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG