Accessibility links

В.Ющенко (Украина): “Үкімет парламент сайлауынан кейін жаңа үкімет жасақталғанша жұмыс атқара береді”


КИЕВ. Кеше Украина президенті Виктор Ющенко билік пен оппозицияның ынтымақтастығы туралы меморандумдағы өзінің қолтаңбасынан бас тартатынын мәлімдеді. Үкіметтің кеше өткен төтенше отырысында В.Ющенко оппозицияны осы келісімнің негізгі принциптерін бұзды деп айыптады. Оппозиция лидерлерінің бірі әрі президент сайлауына түскен үміткер В.Янукович әлгі меморандумнан бас таруы арқылы В.Ющенко: “Украинаның бір жартысына ғана президент екенін көрсетті” деп мәлімдеді. Президент В.Ющенко, сондай-ақ, Жоғарғы Рададан үкіметті тарату туралы Қаулысын бұзуды талап етіп, үкімет парламент сайлауына дейін жұмыс атқара беретінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG