Accessibility links

Дәрігерлердің көпшілігі А.Шарон қызметіне қайтып орала алмайды деп санайды


ИЕРУСАЛИМ. Израиль премьер-министрі А.Шаронның денсаулық жағдайы біртіндеп жақсарып келеді, бірақ ол әлі 1-2 күн есін жинамайды. Осыдан 1 апта бұрын басына қан құйылған А.Шарон емделіп жатқан Иерусалим қаласындағы аурухананың дәрігерлері кеше осылай деп хабарлады. Оның басына күрделі операция жасаған нейрохирург-дәрігердің айтуынша, премьер-министрдің миында енді құйылған қанның ізі де қалмаған. Әйтсе де инсульттің қандай әсері болатыны белгісіз. Дәрігерлердің көпшілігі А.Шарон қызметіне қайтып орала алмайды деп санайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG