Accessibility links

Меккедегі қажылықтың соңғы күнінде 345 діндар қайғылы оқиғаның құрбаны болды


МЕККЕ. Сауд Арабиясында қажылықтың ақырғы күні жиналған халықтың дүрлігіп бір-бірін басып-жаншуы салдарынан, соңғы мәлімет бойынша, 345 адам құрбан болып, жүздеген діндар түрлі жарақат алды. Ол жөнінде кеше Саудияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қайғылы оқиға Мекке қаласының маңында сайтанға тас ату үшін 10-даған мың адам жиналған Мина даласында болды. Мұндай қағылы оқиға қажылық өтетін жыл сайын қайталанып келеді. 2004-інші жылы дәл осындай оқиғадан 250 адам құрбан болған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG