Accessibility links

Қажылық сапар кезінде құрбан болғандардың өлімі дау туғызып жатыр


Бейсенбі күнгі шайтанға тас ату рәсімідегі аласапыран қыспақ кезінде 350-дей адамның қазасына байланысты Сауд Араб елінің ресмилері мен қажылардың арасында өзара кіналасу басталды. Апат үшін олар бір-бірін айыптауда. Сауд Араб елінің бас мүфтиі Шейх Абдулазиз апат үшін тәртіпке бойсынбаған қажыларды кіналайды. Үкімет барлық қауіпсіздік шарасын жасады, дейді шейх. Бірақ, қажылар бұрын да мұндай қыспақ қырғыны болған, әкімшілік сол қатені қайталап отыр деген өкпесін айтады. 1990-жылғы шайтанға тас ату кезіндегі осындай апаттан 1400-дей адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG