Accessibility links

1915-інші жылы қырылған армяндардың туыстары 2 неміс банкінен 100-деген млн. доллар өтемақы алуы мүмкін


ЛОС-АНЖЕЛЕС. Түріктердің Осман империясының үстемдігінен қырылған армяндардың туыстары немістердің Dresdner және Deutsche банктері 1915-інші жылы қырылған армяндардың ақшалай және алтындай салымдары есебінен байыды деп сотқа жүгінді. Сот үдерісіне қатысушы адвокаттардың бірі Марк Джерагостың (Mark Geragos) айтуынша, банктердің берешектері, пайыздық өсімдерін қоса есептегенде, 100-деген млн. долларды құрайды. Dresdner мен Deutsche банк – адвокат Джерагостың армян отбасыларының атынан сотқа беріп отырған үшінші қаржы мекемесі. Өткен жылы францұздардың АХА және Американың “New York Life” сақтандыру компаниялары бірге сақтандыру полистері болған армяндарға бас-аяғы 37 млн. доллар ақша төледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG