Accessibility links

Пәкістанның солтүстік-батыс аймағындағы Бажур ауданында жергілікті тайпалар мен мұсылман қауымы жетекшілігі бейбіт шеру ұйымдастырды


Олар АҚШ әскерлерінің Ал-Қайдалық топ жасырынған делінген бекініске жасаған шабуылына байланысты наразылық білдірді. Сондай-ақ, жұма күнгі бомбы шабуылында қаза тапқан пәкістандық 18 азаматтың қазасына байланысты ондаған мың адам қатысқан жиын өтті. Бұл күні Ал-Қайдалықтардың жетекші орынбасары, Дамадола қыстағындағы Айман ал-Зарқауиге шабуыл жасалды деген малімет те бар. Шерушілер бұл шабуыл бейкүнә азаматтарға қарсы бағытталған деп айып айтты. Бұл арада Пәкістан президенті Первес Мушарафтың өкілі майор Султанның айтуынша, жұма күнгі шабуыл және қантөгіске байланысты тергеу жұмыстары қолға алынған.
XS
SM
MD
LG