Accessibility links

Иранның уран байыту жұмысын одан әрі жалғастыру жөніндегі шешімі Еуропамен АҚШ-ты қайтадан аса алаңдата бастады


Батыстың пікірінше, Иран азаматтық атомдық қуат бағдарламасы деген құпия жоспармен іс жүзінде aтом бомбасын жасап шығаруды қолға алуда. Ал бұл арада Иран осыдан сәл алдын Халықаралық атом қуаты агенттігімен енді өзара қызметтес болмаймыз деген мәлімдемесін таратып жіберді.

Ирандағы ядролық бағдаралама жөнінде Иран мен Батыс елдері арасындағы дау-дамайдың жалғасып келе жатқанына да бірнеше жыл болып қалды. Ал Иран жетекшілігіне жаңа президент Ахмединежат келгелі бұл мәселе ерекше күрделене түскендей. Енді жалпы жағдай қандай деген мәселеге келсек, қаңтартың 12-сіне Франция, Германия және Британия үштігі Халықаралық атом агенттігінен Ирандағы ядролық бағдарлама жөніндегі дерек-мәліметтерді БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне тапсыруды ұсынуда. Ал оған түрткі болған нәрсе Иран өз уран байыту, ядролық отын бойынша зерттеулерін одан әрі жалғастарған болатын. Бірақ, сол бейсенбі күн-ақ Иран сыртқы істер министрі Моттаки ядролық құжаттарды Қауіпсіздік кеңесіне тапсырудың Батыс үшін салдары ауыр болатындығын мәлімдеді.

Иран мәселесін Қауіпсіздік кеңесіне өткізілетін болса онда Иран өткен қарашада қабылданған заңға сәйкес Атомдық агенттікпен өз ынтымақтастығын тоқтатады. Мұны Еуропалықтар дұрыс түсінуі қажет, деп ескертті.

Ал егер өзара ынтымақтастық байланысы үзілсе, ең алдымен Халықаралық атом қуаты агенттігі бақылаушыларын өзіндегі ядролық бағдарлама алаңдарына Иран жібермейтін болады.

Сондай-ақ, қаңтардың онынан бастап, Иран өзінің Натанз зауытына БҰҰ қойған мөр құлыптарын бұзып өз зерттеулерін одан жалғастырып жіберді.

Сол-ақ екен, АҚШ бастап, Ресей қостап, ЕуроОдақ елдері Иранды сынап, айыптауға кірісті. Ежелгі белсенді бақуат үштік Франция, Германия және Британия, Иран бұл тірлігімен, ЕроОдақтың соғыс екі жылдық іс-әрекетін жоққа шығарды, деп дүрсе қойды.

Германия сыртқы істер министрі Штайнмайер бейсенбі күні былай деді:

- Міне, енді Иран Халықаралық атом агенттігінің ескертуін қабылдамай, ашық мәселе бойынша Агенттікпен қызметтестіктен бас тартамыз дегеннен кейін енді бұл мәселеге БҰҰ қауіпсіздік кеңесі араласпаса болмайтындай жағдайға жеттік, - деді министр.

Германия сыртқы істер министрі өзінің бұл ойын франциялық, британиялық әріптестерімен бірге баспасөз мәслихаты кезінде айтты. Техрон, дегенмен, ЕуроОдақ елдерімен келіссөздерге қарсы емеспіз дегенді айтатын көрінеді.

БҰҰ бас хатшысы К.Аннаның айтуынша, оған Ирандық бас мәмілегер Али Ларижани телефон шалып, біз конструктивті келіссөздің болғанын қалаймыз депті. Жалпы Иран мен ЕуроОдақ елдерінің өкілдері ақпанның 18-інде өзара кездесуі керек болатын.

Ал, әзірше, Техроннан хабарланғанындай, Иран президенті Ахмединежат, жұма күні, біз өзіміздің ядролық бағдарламамызды одан әрі жалғастырамыз, деп кесіп айтқан.
XS
SM
MD
LG