Accessibility links

Финляндия президенті Т.Халонен 2-нші 6-жылдық мерзімге қайта сайлануы мүмкін


ХЕЛЬСИНКИ. Бүгін Финляндияда президент сайлауы өтеді. Мемлекет басшылығына 8 үміткер түспекші. Оның үшеуі – қазіргі президент Тарья Халонен, премьер-министр Матти Ванханен және бұрынғы қаржы министрі Саули Ниисто – негізгі үміткерлер саналады. Қоғамдық сауалнамаға қарағанда, Т.Халоненнің екінші 6-жылдық мерзімге елбасы болып сайланатын мүмкіндігі басым көрінеді. Егер сайлаудың бірінші турында үміткерлердің бірі де 50 пайыз дауыс алмаса, 29-ыншы қаңтарда сайлаудың екінші туры өтеді.
XS
SM
MD
LG