Accessibility links

Қазақ оппозициясының лидері Ғ.Жақиянов енді ғана шартты түрде бостандыққа шықты


АСТАНА. Бүгін Павлодар облысындағы Шідерті мекеніндегі қоныс-колониядан кеше босатылған Қазақстан оппозициясының лидері Ғалымжан Жақиянов поезбен өзінің отбасы тұратын Алматы қаласына келеді. Поез ІІ-нші Алматының теміржол бекетіне тоқтайды. 2001-інші жылы “Қазақстанның демократиялық таңдауы” партиясын құрған әрі оның лидері болған Ғ.Жақиянов – 2002-нші жылы 7 жылға түрмеге жабылды. Қазақ оппозициясы мен халықаралық қоғам оны бірауыздан “саяси тұтқын” деп танып, Қазақстан үкіметінен оны дереу босатуды талап етті. Ал “Қазақстанның демократиялық таңдауы” халықтық партиясына өткен жылы тыйым салынды. 7 жыл мерзімінің жартысынан астамын өтеген Ғ.Жақиянов – сот үкімімен кеше сот залында босатылды.
XS
SM
MD
LG