Accessibility links

Иран өзінің “ядролық мәселесі” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне берілсе, оның қандай салдары болатынын ескертеді


ТЕҺРАН. Иран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты Еуроодақпен арадағы келіссөзге әлі ашық екенін мәлімдеді. Алайда, сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде өзінің “ядролық мәселесі” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне берілсе, оның қандай салдары болатынын тағы да ескертті. Кеше Теһранда президент Махмуд Ахмади-Неджад: “Иран ядролық технологияны дамытпай отырмайды” деп мәлімдеп, уранды байыту өндірісін қайта іске қосылғанын ақтап бақты. Ол, сондай-ақ. Иранға жаза қолдану үшін оның “ядролық мәселесін” Қауіпсіздік Кеңесі қарасын деп талап еткен Батыс елдеріне: “Біздің қорғануға қажетті құралымыз бар...” деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Иранның ядролық қару жасауды көздегеніне еш дәлел жоқ, Иран жойқын қаруға мұқтаж емес. Ал АҚШ пен Еуроодақ Теһранмен арадағы келіссөз тығырыққа тірелді және өзінің ядролық ізденістері бейбіт мақсатты көздейтінін Иран дәлелдей алған жоқ деп мәлімдеп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG