Accessibility links

Фин тарихындағы тұңғыш президент әйел Т.Халонен 2-нші 6-жылдық мерзімге тағы сайлануы мүмкін


ХЕЛЬСИНКИ. Бүгін Финляндияда президент сайлауы өтеді. Фин тарихындағы тұңғыш президент әйел Тарья Халонен 2-нші 6-жылдық мерзімге қайта сайлануы үшін 50 пайыздан астам дауыс жинауға тиіс. Әлеуметтік-демократиялық партиясының өкілі болып табылатын Халоненмен бірге Консервативтік партиядан Саули Ниисто және центристік партиядан премьер-министр Матти Ванханен дауысқа түседі. Осы негізгі 3 үміткер де Финляндияның Еуроодаққа мүше болғанын, көрші Ресеймен жақсы қатынас орнатуын және НАТО-мен жақын байланыс құруын мақұлдайды. Бірақ үшеуі де Финляндияның НАТО-ға қабылдануын көздемейді.
XS
SM
MD
LG