Accessibility links

С.Хусеиннің ісін қараған сот төрағасының кетуі – соттың барысына әсер етпейді, бірақ...


БАҒДАД. Ирақтың бұрынғы диктаторы С.Хусеиннің қылмыстық ісін қарайтын сот процесінде төраға болған судья Ризгар Мухаммад Әмин кеше қызметінен бас тартты, бірақ онысы мақұлдана ма - әлі белгісіз. Қазір оны райынан қайтуға көндіру үшін келіссөз өтіп жатыр. Судья Әмин – баспасөз бетінде “сот процесінде табандылық көрсетпеді” деп өзіне айтылған сынға ашуланған көрінеді. Сот өкілдерінің айтуынша, судьяның қызметінен кетуі сот барысына әсер етпейді, өйткені оның орнына басқа судья оңай табылады. Бірақ, бақылаушылар құрамында 5 судья бар трибуналдың заңдылығына күмән келтіруі мүмкін деп санайды. 24-інші қаңтарда жалғасатын осы сотта С.Хусеин мен оның 7 үзеңгілесіне 1982-нші жылы Дужайыл ауылының 140-тан астам тұрғынын қырды деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG