Accessibility links

С.Хуссейнге қатысты сот 24-қаңтарда қайта басталады


БАҒДАД. Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хуссейннің сот процесіндегі төраға болған судья Рихгар Мохаммад Амин қызметінен кететіндігін мәлімдеді, бірақ оның шешімі мақұлданды ма жоқ па – бұл әлі белгісіз. Бұқаралық ақпарат құралдарында Амин туралы сыни мақалалар жарияланған соң, ол қызметінен бас тартатындығы жөнінде мәлімдеген болатын. Саддам Хуссейн мен тағы басқа 7 айыпталушыға 1982-ші жылы Дужаилда 140-тан астам адамды өлтірген деген айыптар тағылған.

Басқа да хабарларға қарағанда, АҚШ әскері қамаудағы екі ирақтық журналистті азат етті. “Рейтерс” ақпарат агенттігінің қызметкері Әли әл-Машхадани тамыз айында қамауға алынған болатын. Ал екінші журналист Мажед Хамид қыркүйек айында тұтқындалған еді. “Рейтерс” ақпарат агенттігі аталған журналистер айыпсыз қамауда ұсталған дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG