Accessibility links

Ауғанстанда канадалық дипломат қаза болды


Дипломат Глин Берри марқұм бомба тиелген көлікті жанкешті жүргізуші Ауғанстандағы Канадалық әскери керуенге әкеліп соққанда көз жұмған екен. Берри мырза Ауғанстандағы қайта құру жұмысын жүргізіп жатқан канадалық жасақтың саяси директоры болған. Канадалық тағы үш солдат жараланған екен. Екеуі ауыр халде. Сондай-ақ екі ауғандық азамат қаза болып, он шақтысы жараланған.
XS
SM
MD
LG